Жәйремдегі жанжалға қатысы бар деген күдікпен жергілікті 7 азамат ұсталды

15:37, 20 тамыз 2019

Қарағанды облысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері Жәйрем тау-кен байыту комбинатындағы жанжалға қатысқан Жәйрем кентінің 7 тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұзақылық әрекеттер жасады және біреудің мүлкін ұрлады деген күдікпен 22-33 жас аралығындағы Жәйрем кентінің жеті тұрғыны ұсталды. Олар өз кінәларын мойындап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Еске салайық, 12 тамызда Жәйрем кентінде Жәйрем тау-кен байыту комбинатының жұмысшылары жанжалдасқан еді. Қарағанды облыстық полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Алдында осы төбелеске қатысқан бір түрік қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын.

Оқи отырыңыз: "Кешіріңіздер!". Жәйремдегі айғай-шуға мына түрік кінәлі


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!