Жасанды жаңбыр мүмкін бе – «Қазгидромет» маманы

11:23, 28 шілде 2021
661

© Сурет: Pixabay

Жаңбыр тудырудың технологиялары өткен ғасырдың 40-жылдарынан бері белгілі. Бүгінгі таңда әлемде жауын-шашын мөлшерін көбейту технологиясы расымен де бар. Алайда, жауын-шашын жағдайлары жоқ жерде жасанды түрде жаңбыр жасау мүмкін емес, дейді "Қазгидромет" РМК ғалым-маманы Нұрлан Абаев.

Ғалымның пікірінше, бұлттылықты ынталандыру арқылы жауын-шашынның ықтимал мөлшерін көбейтуге болады. Алайда бұлттарды немесе дымқыл ауа массасын бір жерден "алып келу" мүмкін емес. Яғни, белгілі бір аймақта жаңбыр бұлттары өтетінін біле отырып, сіз бұлттардан жауын-шашын мөлшерін көбейте аласыз. Солайша әр түрлі ғалымдардың зерттеуі бойынша, егер бұлттар дұрыс әсер етсе, онда жауын-шашын мөлшерін 10-15 пайызға арттыруға болады.

– Қазір әлемде жаңбыр бұлттарын қалыптастыру технологиясы жоқ екенін айтып өткім келеді. Егер шөл далада жаңбыр жауса, онда табиғи жағдайлар осылай қалыптасты деген сөз. Сондай-ақ, Таяу Шығыстағы нөсер жаңбыр сияқты сирек құбылыстар бұрын орын алғанын және болашақта қандай да бір эксперименттік жұмыстар жүргізбестен белгілі бір синоптикалық жағдайларда байқалатынын атап өткен жөн.

Жауын-шашынның мөлшерін тек жергілікті, аз мөлшерде көбейтуге болады. Бірақ жаһандық деңгейде бұл мүмкін емес.

Табиғи процестерде қамтылған энергия өте үлкен екенін атап өткім келеді. Сондықтан жаңбыр жауып, желдің сипатын аймаққа су буын әкелетіндей етіп өзгерте алатын немесе қауіпті табиғи құбылыстарды толығымен жоя алатын бұлтты жүйелер құру мүмкін емес. Яғни, қазіргі уақытта адам өте әлсіз. Біз табиғатпен бәсекелесе алмаймыз. Сонымен қатар, мұндай жұмыстар тәуекелдермен байланысты және олардың нәтижелері күмәнді болуы мүмкін. Кез келген экспериментте күтілетін пайда, тәуекелдер мен оңтайлы әдістер, сондай-ақ ықтимал салдарлар туралы сарапшылардың қорытындысы болуы тиіс, дейді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!