Жасанды интеллект журналистің орнын баса алмайды

16:59, 26 қыркүйек 2024

© Фото: freepik

Жасанды интеллект журналистің орнын баса алмайды. Бұл туралы Елордада өтіп жатқан "Astana media week " апталығында ұйымдастырылған сессияда талқыланды.

"Медиа дамыту қоры" директорының орынбасары Әсел Серікпаеваның айтуынша, жасанды интеллект дамыса да, БАҚ маңыздылығын жоймайды.

Себебі түрлі оқиға ортасында жүріп хабар тарату тілшінің басты міндетіне кіреді. Ал заманауи технология қаншалықты мықты болсадағы, оған мүмкіндігі шектеулі дейді.

Сондай-ақ журналистер жасанды интеллектті қолдануды үйреніп, көмекші ретінде пайдалану керектігін алға тартты. Дәстүрлі шарада сала мамандарын даярлау, өңірлердегі БАҚ-ты ірі платформаларға интеграциялау мәселесі де сөз болды,деп жазады qazaqstan.tv.

"Еш уақытта жасанды интеллект журналистің орнын бас алмайды. Өйткені ол спикерге барады, аяқпен жүреді, талдайды. Ақпарат алады. Жасанды интеллектті тек оларға көмек ретінде пайдалана алады. Өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған тренингтерге, қазір министрлік аймақтағы журналистерге көп көңіл бөлуде." Әсел Серікпаева, "Медиа дамыту қоры" бас директорының орынбасары

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!