Жас ғалым «Мукалтин» дәрісінің шәрбатын ойлап тапты

18:30, 27 наурыз 2017

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының студенті «Мукалтин» дәрісінің шәрбатын ойлап тапты. Махинур Мирсоатова бұл жаңалықты ашуға жарты жылын арнаған.

«Бұл препаратты қант диабетімен ауыратын науқастар мен кішкентай балаларға да қолдануға болады», – дейді жас ғалым. Студенттің ойлап тапқан дәрісін күнгейдегі фарм зауыты қолданысқа енгізуге ниетті. Тек жаңа дәрі клиникалық сараптаудан өтуі тиіс. 

Махинур Мирсоатова, ОҚМФА 5-курс студенті:

-Біздің сироптардың артықшылығы қант диабетімен ауыратындар да іше алады. Негізінен қант диабетімен ауыратын адамдар сахароза қосылған сироптарды ішкен кезде қант диабетінің жоғарылауымен шағымданады. Сондықтан да біз қант диабетіне әсер етпейтін, оның орнына фруктозаны ұсынып отырмыз.   

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!