Жас әнші Димаштың концертінде өнер көрсеткенін мақтан тұтып, желіде видео жариялады

14:42, 1 қазан 2022
190

© Сурет: Instagram/david.charlin

Junior Eurovision-да Қазақстан атын танытушы өкіл Дэвид Чарлин Алматыда өткен Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсеткенін айтып, мақтанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы сипаттағы видеоны жас әнші 30 қыркүйекте Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Менің өмірімде небір керемет оқиғалар орын алуда: әлі күнге дейін сене алар емеспін, мына мен Димаштың Қазақстандағы алғашқы ірі концертінде, Орталық стадионда, 35 мың көрерменнің алдында өнер көрсету бақытына ие болдым! Мені осы концертке шақырған Светлана мен Қанат Айтбаевтарға алғысым шексіз, - деп жазды Дэвид Чарлин.

Ол Junior Eurovision 2022 финалын асыға күтіп жүргенін де атап өтті.

Әзірге, бар күшімді салып, дайындалып жатырмын, вокалмен айналысудамын, қазақ тілін жетілдірудемін, ағылшын тілін шыңдап жатырмын. Барлық көрермендерге ыстық ықыласы үшін алғыс айтамын! Сенімдеріңізді ақтауға тырысамын! Дэвид Чарлин

2022 жылғы 11 желтоқсанда Ереванда өтетін Junior Eurovision 2022 халықаралық ән байқауына Қазақстан атынан 11 жастағы Дэвид Чарлин шығатыны туралы 15 тамызда белгілі болды. Бұл шешім Ақтөбеде өткен Baqytty bala 2022 балалар байқауының гала-концертінің қорытындысы бойынша қабылданды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!