Жарты жылда Алматыға Таяу Шығыс елдерінен 55 мыңнан астам турист келген

13:28, 9 тамыз 2022

© Сурет: Zakon.kz

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Туристердің бір бөлігі – Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы елдерінің инвесторлары мен туристері, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, 2021 жылдың соңында Алматы – Доха жаңа рейсі іске қосылды. Қазір осы бағыттағы рейстер саны аптасына төртке дейін көбейді. Qatar Airways жыл басынан бері 100 астам рейс жасады. Рейстер А-320 типті әуе кемесімен орындалады.

Алматы Катардан келген бірінші ұйымдасқан іскерлік туристер тобын қарсы алды. Ірі ритейл компания Алматыға 47 қызметкерін жіберген еді. Саяхат кезінде 5 күн бойы араб туристері қаланың ең танымал көрнекті жерлерін аралайды.

Алматы қарапайым саяхатшылар мен бизнесмен туристер арасында кең танылып келеді. Бүгін біз Катардан келген алғашқы ұйымдасқан іскерлік туристтер тобын қарсы алдық. Қабылданған шаралардың арқасында Алматыға деген туристік дестинация ретіндегі қызығушылық артып отыр. Бұл жұмыс үздіксіз жалғаса береді. Таяу Шығыстан туристердің көп келуі қаламыз үшін өте маңызды. Өзге елдермен салыстырғанда Таяу Шығыстан келген туристердің орташа чегі әлдеқайда жоғары, – деді «Алматы қаласының туристтік ақпараттық орталығы» ЖШС директоры Едіге Марғұлан.

Мамандардың айтуынша, қаланы халықаралық нарықта ілгерілету үшін Алматы қаласының әкімдігі мен туроператорлардың бірлесіп жүзеге асырған халықаралық іс-шарасы әуе қатынасын қалпына келтіру мен шекараны ашудың арқасында мүмкін болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!