Жантүршігерлік жол апаты:BMW-нің жүргізушісі арақ ішіп, есірткіге елітіп алған

10:33, 17 қазан 2019
473

Бірнеше көліктің қақтығысуына, екі адамның өліміне себеп болған BMW жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше түнгі сағат 01:40-та Алматының Алмалы ауданында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Алматы облысының тұрғыны, 1999 жылы туылған BMW көлігінің жүргізушісі араққа мас болып, есірткіге елітіп Сейфуллин даңғылының бойымен келе жатып, Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, батыс бағыттан келе жатқан Audi-мен соқтығысқан.

Одан кейін BMW қарсы беттің жолына шығып кетіп, Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытқа бет алған Subaru Forester және Toyota Carina көліктеріне соқтығысқан.

Осы жол апаты салдарынан Audi көлігіндегі1992 және 1993 жылы туылған жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы алты адам, оның ішінде Audi көлігінің жүргізушісі және тағы бір жолаушысы, BMW-ның үш жолаушысы және Subaru Forester жүргізушісі түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаларға жеткізілді.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4 тармағы бойынша тіркелді. BMW көлігінің жүргізушісі дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмыстық істің материалдары Алматы қаласы полиция департаментінің Тергеу басқармасына жолданды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!