Жаңбыр, найзағай мен +34°С-қа дейінгі аптап ыстық: Қазақстанның үш ірі мегаполисіне арналған ауа райы болжамы

15:04, 9 маусым 2026

© Фото: unsplash

Алдағы күндері еліміздің үш ірі мегаполисінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ ауа температурасы +34°С-қа дейін көтерілуі де мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған 2026 жылғы 10-12 маусымға арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамында айтылған.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 10 маусым: құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +26...+28°С.
  • 11-12 маусым: құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +23...+25°С.

Алматы қаласына арналған ауа райы болжамы

  • 10 маусым: құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 11 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +27...+29°С.
  • 11 маусым: құбылмалы бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +27...+29°С.
  • 12 маусым: құбылмалы бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +30...+32°С.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 10 маусым: құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +32...+34°С.
  • 11 маусым: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +30...+32°С.
  • 12 маусым: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +32...+34°С.

Бұған дейін еліміздің төрт өңірінде құрғақшылық болатыны болжанғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!