Жаңа вагон шығаруға өткен жылы 70 млрд инвестиция тартылған

21:30, 19 қазан 2017
312

Жаңа жылдан бастап Астана-Лениногорск бағытындағы 375,376-шы пойыздардың құрамдары жаңартылмақ. Бүгін бұл туралы журналистерге көлік комитетінің өкілдері хабарлады. 

Бұл мақсатта жыл соңына дейін «Тұлпар-Тальго» вагондарының 62 бірлігі сатып алынбақ. Жеке тасымалдаушылар да Қостанай-Алматы, Қостанай-Арқалық, Жезқазған-Астана секілді бағыттардағы пойыз вагондарын ауыстырған. 

Айта кетейік, жылыту маусымына дайындық басталғалы теміржолмен 31 млн тоннадан астам көмір тасымалданды. 9 айда 5,5 млн тонна астық қажетті жеріне жеткізілген.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!