Жаңа оқу жылында мектеп формасына қандай талап қойылады

16:45, 9 тамыз 2022

© Сурет: Zakon.kz

Алдағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар сол қалпы қалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіндегілер айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылдағыдай заңнамалық нормалар қолданылады. Яғни оқушылар бұрын сатып алған немесе дайындаған формамен мектепке еркін келе алады. Оқу-ағарту министрлігі

Бұл ретте министрлік өкілдері «ата-аналардан кейбір мектептерде мектеп формасына қойылатын талаптар, яғни түс, киім дизайны бойынша талаптар нақты жеткізушілерге немесе өндірушілерге сәйкес жасалғаны туралы шағымдар бар екенін» атап өтті.

Осыған байланысты кейбір өңірлерде білім басқармалары ата-аналар қауымдастығы және қамқоршылық кеңестерімен келісе отырып, әр мектеп өз талаптарын қоймауы үшін өңірде бірыңғай түсті енгізуді, сол арқылы ата-аналардың таңдауына шектеу қою туралы шешім қабылдады.Оқу-ағарту министрлігі

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова «талаптардың өзі өзгермегенін» баса айтты.

Мысалы, егер оқушы мектепке сатып алынған немесе бұрын сол мектептің Қамқоршылық кеңесі бекіткен аға-әпкелерінен қалған форманы киіп келе алады. Оқу-ағарту министрлігі

Ол ата-аналардың өтініштерінен кейін бірнеше білім басқармасы қамқоршылық кеңестермен бірлесіп, облыс бойынша мектеп формасының біркелкі түсін белгілеуге шешім қабылданғанын айтты.

Облыс бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін белгілеуге тоқтала кетсек. Бұл нақты жеткізушілерге талаптар қою тәуекелдерін барынша азайтып, қолжетімді форманы (нарықта немесе дүкенде) сатып алуға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!