Жаңа оқу жылында каникул күндері қысқартылуы мүмкін

16:35, 14 маусым 2021
371

© Сурет: pixabay.com

ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерін бекіту туралы бұйрық жобасын талқылауға ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұйрық жобасына сәйкес, 2021 - 2022 оқу жылының басталуы 2021 жылғы 1 қыркүйек деп бекітілген.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Келесі жылғы оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдерін келесідей бөлу ұсынылады:

1-11 (12) – сыныптарда:

- күзгі каникул – 8 күн (2021 жылғы 25 қазан мен 1 қараша аралығында (өткен жылы 10 күнді құраған)),

қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында),

көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында (өткен жылы 12 күнді құраған));

1-сыныптар үшін қосымша каникул 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында) болады делінеді.

Бұйрық жобасы 28 маусымға дейін талқылауға ұсынылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!