Жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылғалы жатыр

11:20, 15 шілде 2019

Білім және ғылым саласындағы жаңа мемлекеттік бағдарлама 2019 жылдың соңында бекітілмек. Бұл туралы ҚР Премьер министрі Асқар Мамин мәлім етті деп хабарлайды Zakon.kz.

- Осы жылдың соңында 2025 жылға арналған Білім және ғылым саласындағы жаңа мемлекеттік бағдарлама бекітіледі. Ол бағдарлама шеңберінде үш ауысымды мектептердің мәселесін шешеміз. 500 мектептің құрылысы жоспарда бар. Одан бөлек 100 жеке меншік мектеп ашылмақ, – деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мамин.

Оның айтуынша, 2021 жылы мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары білім берудің жаңа бағдарламасына көшеді.

- Бұл арада шағын мектептегі білім сапасына ерекше мән беріліп, ауыл мен қала мектептері арасындағы айырма төмендетілмек, - деді Үкімет басшысы.

- 390 колледж WorldSkills халықаралық стандартына көшіп, олар модулды бағдарламамен жұмыс істейді. Нарықтың сұранысына сай колледждер оңтайландыруға ұшырайды. Жатақхана мәселесі де назардан тыс қалған емес. Биыл 8 мың орын, 2022 жылға дейін 75 мың орындық жатақханалар пайдалануға беріледі, - деді Мамин.

Ол 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіби мамандықтар бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы 30 процентке өсетінін де айтты. Сонда 122 мың студенттің алдағы күзде шәкіртақысы өседі. Аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларына арналып қосымша 5 мың жеңілдік гранты бөлінбек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!