Жан түршіктіретін видео: көршісін ату оқиғасы Қазақстанда болмаған

15:56, 12 қараша 2019

Теміртау қаласының Металлург даңғылында көршілер арасындағы жанжалдан оқ атылды, деген ақпарат тарауда.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарияланған ақпарат Киев қаласында болған және Қазақстанға еш қатысы жоқ.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және тек ресми ақпараттарға сілтеме жасауларын сұрайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!