Жамбылдың батасын алған кентаулық әжей жүз екі жасқа толды
Кентаулық Нұркамал әженің соңғы кезде аяғы бастырмай, балтыры сыздап ауырып жүрсе де жүрісі ширақ. Сөз саптауы да керемет. Ойланып барып әңгiме тиегiн ағытады. Айналасындағы шүпiрлеген немере-шөберелерiн айналып, толғанып, еркелетiп, солардың қолдарынан дәм татып отыр деп жазады ERNUR.KZ.
– Мен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында туып-өстiм. Жұбайымыз екеумiз сол жақта бас қостық. Бiр қызым сол Зайсанда тұрады. Өзiм кейiнгi кезде науқастанып қалғандықтан дәрiгерлер «климат ауыстыру қажет» деп кеңес бердi. Оңтүстiкке осылайша қоныс аудардық. Бұл жақ киелi мекен ғой, осында келiп ауруымнан құлан-таза айықтым, – дейдi Нұркамал әже.
Жақында Нұркамал Сәрсекеева әжей ғасырды артқа тастады. Ғасыр құрдасының айтуына қарағанда, бірде Шығыс Қазақстанға Жамбыл Жабаев қонаққа келіп, апамыздың орамал тағып, сәлемін салып, қазақшылықты ұмытпай көрсеткен қызметіне риза болып, батасын берген екен. Өзі де өлең-жырға құмар болған кейуана жоғары бiлiм алмағанымен кiтапты көп оқыған жан. Содан болар, парасат-пайымы жоғары.
– Өмiрiм талай қиындықтармен өттi. Ел басына төнген ашаршылықтың, соғыс жылдарының куәгерi болдым. Жолдасым Ұлы Отан соғысына қатысып, Польша жерiнде болған ұрыста қаза тапты. Райком хатшысы болатын. Майданға өзi сұранып, Ташкентте 15 күн дайындықтан өтiп, командир болып аттанған едi. Сол кеткеннен қайтып оралмады, – деп өткен күндердi сағынышпен еске алады әже.
«Немере-шөберенiң қанша екенiн бiлмеймiн, санап көргенiм жоқ, шатасып қаламын» дейдi ғасырдан астам жасаған жан. Әженiң үлкен қызының өзi бүгiнде 80 жасты алқымдап отырған ақ жаулықты ана.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:42, 25 сәуір 2024
Анна Данилина Португалиядағы турнирді сәтті бастады
-
21:08, 25 сәуір 2024
Атырау облысында өрт кезінде балалар қаза тапты: полиция оқиғаның егжей-тегжейін айтты
-
20:35, 25 сәуір 2024
Павлодарға қарасты ауылда тоқ соққан жасөспірім қайтыс болды
-
20:12, 25 сәуір 2024
Үсік, бұршақ, дауыл: Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:50, 25 сәуір 2024
Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар жолдар ашылды