Жамбылдағы жәрмеңкеге жұртшылық дән риза

12:37, 21 қазан 2017

Бүгін Тараз қаласының «Достық» орталық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті.

Өнімдердің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арзан бағада өнімдерін ұсынды.



Жәрмеңкеде жалпы құны 52,6 млн. теңгені құрайтын 117,4 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары сатылымға қойылды. Атап айтқанда 16 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, шошқа және тауық еті), 10,2 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұжық өнімдері, 4 мың дана жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 5 тонна қант, 3,5 тонна өсімдік майы, 1,5 тонна балық, 2 тонна бал, 1 тонна кондитерлік өнімдер мен 2 тонна макарон өнімдері, 0,2 тонна тұз, 1 тонна кептірілген жеміс және 56 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері болды.



- Біз жанұямызбен осындай жәрмеңкенің көптеп ұйымдастырылуын қалаймыз және асыға күтеміз. Себебі әр өнімнің бағасы дүкендегіден, базардағыдан әлдеқайда төмен. Жайдары жүзбен тауарын ұсынып тұрған сатушыларға да алғысымды білдіргім келеді. Жәрмеңкенің өтетіндігін кеше естіп Жуалы ауданынан ардайы келдік, - дейді тұтынушы Жансерік Иманқұл.



Айта кетерлігі, аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұрғындарға сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен болады.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!