Жамбыл шегарасынан тәулігіне 50 тоннадан аса жанар –жағармай кедергісіз өтуде

10:03, 18 қыркүйек 2019

ҚР Сыбайлас жемқорлққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев, арнайы мониторингтік топ мүшелерімен шекарадан өту пункттерінде жүргізген қоғамдық мониторинг қорытындысын атап өтті.

Шекара қызметінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, өткізу пунктерінен өтетін нақты адам мен көлік құралдарының саны, олардың өткізу қабілеттілігінен жоғары екендігі белгілі болды. Мысалы, «Қордай» өткізу пунктінің өткізу қабілеті көлік құралдарына 1500 бірлік, ал адам саны 15000 болса, нақты 2300 көлік құралдары және 22100 адам өтіп жатқандығы белгілі болды.

Қоғамдық мониторингпен шекаралардан өтетін адамдар мен көлік құралдарының саны ұлғайыуы зерделеніп, себебі анықталды. Атап айтқанда, шекарадағы өткізу пунктері арқылы Қырғызстан Республикасына АИ-92 маркалы жанар-жағармайды жаяу (5-10 литр) немесе жеңіл автокөліктермен (автокөлік багына және қосымша канистраларға 90 литр бензин алып, бір күнде 7-8 рет) алып өту фактілері анықталды.

Бұл жағдай Қырғызстан Республикасының аумағында АИ-92 маркалы жанар-жағармай бізге қарағанда әр литрі шаммен 72 теңгеге қымбат болуына байланысты екендігі белігі болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің шектеуіне қарамастан жалпы бір тәуліктің ішінде Қырғызстан Республикасының аумағына автокөліктермен шамамен 50 тонна немесе 7 250 000 теңге (50 000 *145 = 7 250 000) жанар-жағармай, ал жаяу жүре отырып 5 тонна 250 литр немесе 761 250 теңге (5250*145 = 761250 ) АИ – 92 маркалы жанар-жағармай өтіп жатыр.

Мониторинг қорытындысы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жолданды. Аталмыш тақырып демартаменттің тұрақты бақылауында болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!