Жамбыл облысының тұрғыны 15 дорба жарылғыш зат тасымалдаған

17:24, 19 ақпан 2019

Жамбылдық полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынынан "Амонит №6 ЖВ-200" жарылғыш заты бар 15 пакет, 17 капсула және 6 сым орамасы табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019 жылдың 15 ақпанында Мойынқұм АПБ ЖПҚ қызметкерлері Жамбыл облысы Полиция департаменті ЖПҚ табиғатты қорғау тобының және ЖҚАЖ қызметкерлерімен бірлесе отырып өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында, Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел тас жолының 98-шақырымында Мойынқұм ауылының 38 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Тойота Ландкрузер 80" маркалы автокөлігін тоқтатты. Аталған көліктің жүк бөлігін тексеру кезінде "Амонит №6 ЖВ-200" жарылғыш заты бар 15 пакет, 17 капсула және 6 сым орамасы табылып, тәркіленді", делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол жарылғыш заттарды Мойынқұм ауданының Ұланбел ауылынан шамамен 300 шақырым жердегі қараусыз қалған әскери ғимараттан түсті металдарды іздеу кезінде тапқан. Табылған затты құрамында алтыны бар кенді өндіру бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалануды жоспарлаған.

Айта кеткен жөн, ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, жарылғыш заттарды сатып алуға және тасымалдауға заңмен тыйым салынғанын білетінін айтты.

Аталған дерек бойынша сот-жарылғыш техникалық сараптамасы тағайындалды.

ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда оған бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!