Жамбыл облысында жол жөндеу жұмыстарын арнайы жұмыс тобы бақылайтын болады
Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні "Сапалы жол – Адалдық алаңы" жобасы аясында жолдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сапасын және уақытылы жүргізілуін талқылау бойынша жиын өтті.
Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мен жауапты мамандары, Жамбыл облысы бойынша жол активтері сапасының ұлттық орталығы, мердігер компаниялар, арнайы мониторингтік топ және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Жобалық кеңсе жетекшісі Қ.Меклисов баяндамасында "Сапалы жол – Адалдық алаңы" жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, Тараз қаласындағы соғылып жатқан жолдардың сапасы, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпегені, санитарлық және техникалық нормаларды сақтамағанына тоқталса, қатысушылар тарапынан нысандар бойынша жұмыстарды уақытылы орындамау мәселесі талқыланды. Аудандық маңызы бар жолдардың сапасына тоқталып, ондағы кемшіліктер айтылды.
Жауапты мамандар мен мердігер компаниялардың өкілдері жол сапасына қатысты жауап беріп, аяқтау уақыттарын айтты.
Жиын соңында қатысушылар жолдарды жөндеу жұмыстарында басты бағыттарға тоқталды. Олар: тапсырыс беруші мен орындаушы арасында жол активтері сапасының ұлттық орталығымен жұмыс кестесін келісу; ұлттық орталықтың қызметкерлерін жұмыстың әрбір кезеңінде тарту (келісімі бойынша); тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартта жұмыс кестесі бекітіліп, уақытылы орындалуын қадағалау, орындамаған немесе сақтамаған жағдайда тұрақсыздық айыбын қарауға міндетті. Алдағы уақытта да департамент пен жоба қызметкерлері жол сапасын тұрақты түрде бақылауда ұстайтын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:08, 25 сәуір 2024
Атырау облысында өрт кезінде балалар қаза тапты: полиция оқиғаның егжей-тегжейін айтты
-
20:35, 25 сәуір 2024
Павлодарға қарасты ауылда тоқ соққан жасөспірім қайтыс болды
-
20:12, 25 сәуір 2024
Үсік, бұршақ, дауыл: Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:50, 25 сәуір 2024
Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар жолдар ашылды
-
19:29, 25 сәуір 2024
Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды