Жамбыл облысында жеңіл көлік жүргізушісі жылқының кесірінен көз жұмды

21:50, 19 қазан 2021

© Сурет: zakon.kz

Қордай ауданындағы тас жолда көлік жылқыға соғылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы жылдың 18 қазанында сағат 20:45 шамасында Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының 171 шақырымында Тараздан Алматыға қарай шығыс бағытта бет алған 1978 жылғы Түркістан қаласының тұрғыны Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жылқыны қақты. Жол -көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған көптеген жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Қордай ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Тексеруден кейін көлік Қордай ауылындағы мамандандырылған автотұраққа қойылды.

Қазір тергеу жүріп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!