Жамбыл облысында жекеге сатылуы тиіс мекемелер тізімі бекітілді

08:30, 21 қыркүйек 2017

Жамбыл облысында бәсекелес ортаға берілуі тиіс коммуналдық меншіктегі 35 мекеменің тізімі бекітілді.

Бұрынғы жылдары олардың оны сенімді басқаруға тапсырылса, биыл 6 нысан сатылған. Қалған мекемелер екі жыл ішінде жеке қолға өтуі керек. Олардың арасында денсаулық сақтау нысандары, тазалыққа жауап беретін мекемелер, санаторийлер, сауықтыру лагерьлері мен спорт клубтары бар.

Гамлет Қайнарбеков, облыстық қаржы басқармасының басшысы: 

-Кесте белгілеп, жоспарлап отырмыз. Біз бәрі сатылады деп ойлаймыз, себебі кәсіпкерлердің белсенділігі күн өткен сайын жоғары. Бұл жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!