Жамбыл облысында жан түршігерлік апатынан екі адам қайтыс болды

13:38, 24 қыркүйек 2021
352

© Сурет: Pixabay

Жамбыл облысында жан түршігерлік апатынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

23 қыркүйекке қараған түні Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы-Қошқарат тас жолының 24 шақырымында Ауди-80 мен ЗИЛ-130 соқтығысты. Салдарынан қос көлік те отқа оранды. Өрт салдарынан Ауди-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Түрлі дене жарақатымен ЗИЛ жүргізушісі мен жолаушысы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, делінген хабарламада.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Апат себептері анықталуда, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу мүддесі үшін істің егжей-тегжейі айтылмайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!