Жамбыл облысында 100 тоннаға жуық жүк Қырғызстанға кері қайтарылды

12:38, 20 қазан 2017
459

Мамандар көрші елден келген бұл тауарлардың фитосанитарлық талапқа сай келмейтіндігін анықтады.

Тіпті кейбір дақылдардан Қазақстан аумағында мүлдем кездеспейтін қауіпті зиянкестерді тапқан. Зертханалық тексеру жүзім мен анардан дрозофила және шығыс ақ ұнтақ сымыры деп аталатын жәндіктерді анықтап берді. Инспекторлар қазақ-қырғыз шекарасынан бір тәулік ішінде заңбұзушылыққа жол берген осындай 8 көлікті ұстады. Нәтижесінде 44 тонна картоп, 34 тонна жүзім мен 5 жарым тонна алманы кері қайтарды. Жалпы жыл басынан бері 83 дерек тіркелген. Оның ішінде 40 факт соңғы бір аптада тіркелген. Карантиндік өнімдерден бұрын біздің елде тіркелмеген зиянкес түрлері де белгілі болған. Соңғы дерек бойынша, Қырғызстаннан Қазақстанға тасымалданған 20 тонна карантиндік алма өнімінен шығыс жеміс жебірі анықталған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!