Жамбыл облысында Қырғызстаннан өтпек болған 100 тонна жүк кері қайтарылды

16:00, 20 қазан 2017

Жамбыл облысында 100 тоннаға жуық жүк қырғыз еліне кері қайтарылды. Мамандар көрші елден келген бұл тауарлардың фитосанитарлық талапқа сай келмейтінін анықтады.

Тіпті кейбір дақылдардан қауіпті зиянкестерді тапқан. Зертханалық тексеру жүзім мен анардан дрозофила және шығыс ақ ұнтақ сымыры жәндіктерін анықтап берді. Инспекторлар қазақ-қырғыз шекарасынан бір тәулікте заңбұзушылыққа жол берген осындай 8 көлікті ұстады. Нәтижесінде 44 тонна картоп, 34 тонна жүзім мен 5 жарым тонна алма кері қайтарылды. Жалпы жыл басынан 83 дерек тіркелген. Оның ішінде 40 факт соңғы бір аптада тіркелген. Соңғы дерекке сай Қырғызстаннан Қазақстанға тасымалданған 20 тонна карантиндік алма өнімінен шығыс жеміс жебірі анықталған.

Сондай-ақ Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз жолмен автокөлік дөңгелектері өткізілмек болған.

Контейнерге 1 мың 300-ден астам дөңгелек салынған. Кеденшілердің айтуынша, құжатта бұл тауар көрсетілмеген. Дөңгелектердің жалпы салмағы 13 тоннаға жуықтайды. Дәл осындай жолмен елімізге Қырғызстаннан 2 контейнер толы немесе 3 тонна 722 келі шәй импортталмақ болған. Алтынкөл шекара бекетінен заңсыз тасымалданған келесі тауар – шұлық. Оның салмағы 3 жарым тонна болды. Шұлықтар сатылған жағдайда кәсіпкер 12 млн теңгеге жуық табысқа кенелетін еді. Жоғарыда аталған 3 дерек бойынша тиісті шара қолға алынды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!