Жамбыл облысында қылмыстық ахуал электронды картада көрініс тапты

02:35, 21 қаңтар 2017

Жамбылдықтар облыс аумағында қай кезде қандай қылмыс жасалғаны жайлы онлайн режимінде біліп отыратын болды.

Тұрғындар бір апта ішінде нақты бір елді мекенде қанша қылмыс тіркелгені жайлы ақпарат ала алады. 

Ұлт жоспарының 32-ші қадамында елімізде «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасын» құру тапсырылған еді. 

Жамбыл облысы бұл жұмысты алғашқылардың бірі болып толығымен іске асырды. 

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мамандары аймақтағы 313 елді мекеннің электронды карталарын жасап, ондағы қылмыстық ахуалды жіті бақылауға алды.

 Талдау арқылы құқықбұзушылық көп болатын аудандар анықталып, ол аумақтарда сақшылар жұмысы күшейтілді. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!