Жамбыл облысында коронавирустан көз жұмған әйелмен байланыста болған 9 адам анықталды

12:49, 27 наурыз 2020
398

Жамбыл облысында коронавирустан қайтыс болған ақмолалық әйелмен байланыста болған 9 адам табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

26 наурызда коронавирустық инфекция диагнозындағы Ақмола облысының тұрғыны қайтыс болғаны туралы ақпарат Жамбыл облыстық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментіне келіп түсті. Биыл 15-18 наурыз аралығында марқұмның Жамбыл облысының Шу және Меркен аудандары аумағында болғаны анықталды. Медициналық және эпидемияға қарсы қызметтер онымен байланыста болған тоғыз адамды анықтап, карантинге жатқызды: Шу ауданында - 3, Меркенде - 6. Олар коронавирус инфекциясына тест тапсырды. Марқұмның болған жерлерінде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлады ведомстводағылар.

Бұған дейін қайтыс болған әйелдің Шу мен Алматыға қонаққа барғандығы хабарланған болатын. Алматы облысында оның екі туысы табылды. Олармен байланыста болған тағы бес адам анықталды.

27 наурызда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!