Жамбыл облысында көпбалалы және жалғызбасты әйелдер үшін шеберлік сағаты өтті

15:55, 3 шілде 2020

2020 жылдың 3 шілде күні Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында Қайрат Рысқұлбеков саябағында көпбалалы және жалғызбасты әйелдерге арналған "Әйел — отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы" атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Іс-шара барысында "Ұрпақ тәрбиесі ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы" тақырыбында ҚР мәдениет қайраткері, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік универсиетінің "Мәдениет және өнер" кафедрасының меңгерушісі А.Кабиева, "Сән әлеміндегі "Нео-фальклор" үлгісіндегі қолөнер туындылары" тақырыбында өнертанушы, доцент, техника ғылымдарының кандидаты, белгілі дизайнер, "АSPARA FASHION WEEK" сән апталығының Президенті, "Асыл-Дизайн" сән үйі мен "Аспара" модельдік өнер және бизнес колледжінің негізін қалаушы А.Қалиев, "Әйел — отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы" тақырыбында "Jambyl Taraz" газетінің редакциясы" ЖШС-ның директоры-бас редактор, қалалық мәслихаттың депутаты Э.Мырза-Ғали, "Отбасы ошақ қасында өз бизнесін дамыту, табыс табу" тақырыбында "Goodmaker" ЖШС-ның директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты А.Қайназарова, "Бақытты отбасының құпиясы" тақырыбында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының лекторы, психология магистрі, "НИКА" коммуникативтік дамыту орталығының тренері Г.Сарытай сөз сөйледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!