Жамбыл облысында көлікпен сейіл құрған жастар жол апатына ұшырады

09:48, 20 мамыр 2020
448

Жамбыл облысы Жамбыл облысында әскерден күтіп алу кешінің соңы қайғымен аяқтала жаздады. Байзақ ауданында азаматтық борышын өтеп келген жігіттің кұрметіне көліктер шеруін ұйымдастырған жастар апатқа ұшыраған, деп хабарлайды zakon.kz.

"Желіде пайда болған видеода ойқастаған БМВ жүйткіген бойда электр бағанасына соғылады. Құдай сақтап, сол сәтте айналада адамдар болмады. Ал жүргізуші шыр айналған көліктен ұшып, түсіп қалған. Оның денсаулығына қатты зақым келген жоқ, бірақ есінен танып қалды. Осылайша Жамбыл облысында бір досын әскерден күтіп аламыз деп думандатқан жастар, екінші досынан айырылып қала жаздады. Темір тұлпармен көшеде атой салған жігіттер енді жаппай жауапқа тартылады. Бірақ бәрі айыппұлмен құтылмақ", - дейді КТК телеарна тілшісі.

Айта кетейік, шерушілер тек жол ережесін бұзып қана қоймай, карантиндік тәртіпке де қайшы әрекет жасаған.

Бауыржан Мейірбек, Байзақ аудандық ПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы:

- Басқа да бес автокөлік иелеріне ҚР Әкімшілік қылмыстық кодекстің 593, 595 әкімшілік хаттамалар толтырылып, жауапқа тартылуда. Бәріне айыппұл салынады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!