Жамбыл облысында қар көшкінінен зардап шеккен әскери қызметшілердің жағдайы тұрақты

14:37, 19 ақпан 2017
543

ҚР Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Тараздағы әскери госпитальге барып, қар көшкінінен зардап шеккен әскери қызметшілердің хал-жағдайын білді. Бүгінгі күні әскери госпитальде сарбаздарға қажетті барлық мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген, әскери қызметшілердің жағдайы тұрақты. 

Сондай-ақ әскери ведомствоның басшысы қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті. Қорғаныс министрі мерт болған азаматтардың отбасылары мен туған-туысқандарына көңіл айта отырып, олардың әрқайсысының өздерінің әскери борышын абыроймен атқарып, әскери қызметтің хас шебері болғанын атап өтті. 

«Қазіргі кезде Үкіметтік комиссия Жамбыл облысында болған қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап, анық-қанығына жету үшін тергеуді жалғастыруда», – деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!