Жамбыл облысында атышулы оқиғаға байланысты сот үкім шығарды

10:48, 15 қаңтар 2020
502

Жамбыл облысында қарындасын алты жыл бойы зорлаған азғынға қатысты сот үкім кесті. Қаскөйдің кінәсі толық дәлелденіп, 15 жылға түрмеге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Айта кетсек, бұл жантүршігерлік оқиға былтырғы жылдың соңында әшкерленіп, қайғы жұтқан әке "Астарлы ақиқат" бағдарламасына шындық іздеп келген. Ол бірінші әйелінен қалған ұлының кінәсіздігіне бек сенімді еді. "Өгей шеше қаралап, оны үйден қуып шығуы үшін осылай істеп отыр" деген осы телебағдарламаға қатысқан ер адамның туысқандары да. Дегенмен сотта жерленген шарананың биолигиялық әкесі 22 жастағы сотталушы екені сараптамамен дәлелденді.

Ләззат Ильясова, судья:

- 2013 жылдан бастап, 2019 жылдың қаңтар айының бірінші он күндігіне дейін зорлық әрекетін жасап келген. Қыздың айтуынша, үйде ешкім жоқта жасаған. "Айтсаң айта бер, өзің кінәлі боласың" деп қорқытқан. Сондықтан қыз ештеме айтпаған.

Сұмдық жағдай әлі де жалғаса беруі мүмкін еді. 13 жастағы қыздың аяғы ауыр екенін анасы байқаған. Сөйтіп дау туындайды. Ал жүкті оқушы сәбидің әкесі "өзінің ағасы" деп көрсеткен. Ағасы – үйдің кішкентайынан асырап алған баласы. Отағасы бірініші әйелі дүние салған соң екінші рет бас қосып, одан төрт қыз сүйген. Солардың біреуімен асыранды ұлы жыныстық қатынасқа түсіпті. Ал аяғы ауырлаған 7-ші сынып оқушысының денсаулығы ескеріліп, шақалаққа 21 апталығында түсік жасалған. Шарананың биолигиялық әкесі 22 жастағы сотталушы екені сараптамамен дәлелденді.

Айта кетейік, айтуға ауыз бармайтын жағдай Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс аулында болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!