Жамбыл облысында атыс шығарды деген күдіктілер ұсталды

09:27, 26 қыркүйек 2022

© Сурет: Zakon.kz

Шуда атыс болып, салдарынан бір адам көз жұмды. Күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер қылмысқа қатысушылардың барлығын анықтады. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал үшіншісі тергеліп жатыр, тергеу қорытындысы бойынша оны уақытша ұстау изоляторына орналастыру мәселесі де шешіледі. Жамбыл облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Алмас Саламатов

Төртінші күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Тергеу жалғасып жатыр. Атыс Жамбыл облысының Шу ауданында болды.

Атыста төрт адам зардап шекті, олардың біреуі аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!