Жамбыл облысында алаяқ зейнеткер әйел ұсталды

14:52, 4 маусым 2020
573

Жоғары оқу орнына грантқа түсуге көмектесу желеуімен алаяқ 2 миллион теңге "пайда тапқан", деп хабарлайды zakon.kz.

Қазір оқуға түскісі келетін жастардан алаяқтардың пайда табатын уақыты. Жуалы ауданында 63 жастағы Түркістан облысының тұрғыны баласы мектеп бітіргелі отырған ата-анаға түлекті еліміздегі академияның біріне оқуға түсуге көмектесуді ұсынған жағдай, оған жақсы мысал бола алады. Алдын ала ол "өз қызметі" үшін 1 200 000 теңге алып, көзден ғайып болған. Алаяқ әйелді Жамбыл облысының қылмыстық полициясының қызметкерлері ұстады, оның осындай алаяқтыққа ұқсас екі фактіге қатысы бары анықталды. Залалдың жалпы сомасы шамамен 2 миллион теңгені құрады, - деді облыстық ПД басшысының орынбасары Нұржан Қалметов.

Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі, яғни "Алаяқтық" бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жамбыл облыстық полиция басқармасы азаматтарға алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қырағылық пен сақтыққа шақырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!