Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары жаңадан тағайындалды

15:25, 20 ақпан 2020

ҚР Бас Прокурорының 19 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары болып аға әділет кеңесші Қанат Мамаев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қанат Мамаев 1974 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заңгер мамандығын тәмамдаған.

Прокуратура органдарында 1996 жылдан бастап қызмет етеді.

Бұған дейін ол Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының, Алматы қаласының Алатау, Алмалы, Медеу аудандарының прокуроры, және Алматы қаласының, кейін Қостанай облысы прокурорының орынбасары болған.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап - Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары.

Прокуратура органдарында 23 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!