Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен жұмысынан кетті

15:37, 20 қараша 2019
974

Таразда мектеп оқушысының дәретханада зорланғанына байланысты облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Рахия Тұрмаханбетова бұл қызметте бірнеше жыл жұмыс істеді. Оқытушылық өтілі 30 жылдан асады.

Тараздағы мектепте оқушының зорлануына байланысты облыстық білім басқармасы басшысынан бөлек 11 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мектептің оқу ісі меңгерушісі, математика мұғалімі, кезекші мұғалім, күзетші және мектеп инспекторы да қызметтерінен босатылғаны белгілі болды.

Айта кетсек, өткен жұма күні Таразда №6 мектепте 7-ші сынып оқушысын мектеп әжетханасында зорлап кеткен. Күдікті екі сағаттан кейін қолға түсіп, қамауға алынды.

Қыз бала география сабағы кезінде сұранып шыққан. Алайда мұғалім оны 45 минут бойы оны іздемепті. Ал әбден азапталған оқушы өзі келіп, жағдайды сынып жетекшісіне айтып береді. Тек содан кейін дабыл қағылған. Мектепте жалпы саны 20 камера жұмыс істеп тұр. Алайда оны бақылап отыруы тиіс вахтер де, инспектор да жұмыс орнында болмаған. Олардың бәрі жұмыстан шығарылды.

Ал ұсталған 36 жастағы күдікті бұрын да қыз зорлау фактісі бойынша сотталған адам болып шықты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!