Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Мәжіліс сайлауына қатыспайтын болды

12:46, 27 қараша 2020
302

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды zakon.kz.

ЖСДП Мәжіліс пен Мәслихаттар сайлауына қатыспау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, партия бүкілхалықтық бойкот жариялап, сайлауға қатысудан бас тартуды көздеп отыр. Мұндай шешім партия съезі кезінде қабылданды.

Сайлауға алты партия жіберілген еді. Олар - "Nur Otan" партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Бірлік" саяси партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.

Сайлау 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!