«Жалаңаш отыр». Желідегі жын соққан завучтың видеосы ата-аналардың ашуын туғызды

11:36, 25 қыркүйек 2020
402

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданына қарасты ауыл оқушыларының ата-аналары бір мұғалімнің ТикТокқа балағат сөздер айтып, біртүрлі видео жүктегенін, оны балалары көріп жүргенін айтып, шағымданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бәйтерек ауданы Январцевская орта мектебі оқушысының ата-анасы "Мой город" порталына өзінің жасөспірім баласы барлық жеткіншектер сияқты үнемі әлеуметтік желіде отыратынын айтты.

"Менің қызым үнемі телефонын шұқылап отырады. Қазір TikTok деген пайда болды, сол араға барлық жас видео жүктейді. Әнеукүні қарасам соның арасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі және оқу ісі жөніндегі завуч Дамир Батыржан да жүр. TikTok-тағы видеода боқтық сөздер айтылады, оның үстіне өзі жалаңаш отыр, кеудесі ашық. Мұны шәкірттері көріп отыр ғой. Мұғалім деген балаларға үлгі болуы керек, мұндай видеоны желіге жүктемеуі тиіс деп есептеймін", - дейді ашулы ата-ана.

Оқушылардың ата-аналары бұл туралы мектеп әкімшілігіне ескерту жасаған, бірақ ешқандай реакция болмапты.

Портал тілшісі Дамир Батыржанның TikTok-тағы парақшасын қарап шықты. Расында, мұғалім түрлі эффектідегі, балағат сөздері бар видео орналастырады екен.

Дамир Батыржанның өзі бұл видеоларды желіге орналастырғаны үшін өкінетінін айтады.

- Мен мұның жаман екенін түсінемін, оған қатты өкінемін. Желідегі парақшамды жоямын. Осы видеоларды орналастырғаным үшін оқушылардан және әріптестерімнен кешірім сұраймын, - деді Дамир Батыржан.

Бәйтерек аудандық білім бөлімінің бастығы Серік Сафиуллин бұл видеоларды бірінші рет көріп отырғанын және олар бұл жағдаймен алда шұғылданатындарын айтты.

- Мен мектепке барып, жағдайды анықтаймын. Мектеп директорымен сөйлестім, ол ата-аналар тарапынан мұндай шағым түспегенін айтты. Қалай дегенмен де мұғалім желіге мұндай видеоларды орналастырмауы керек. Жалпы, мұғалімдер өздерінің әлеуметтік желілерінде не жазып, не қойғанын қадағалап отыруы керек дегім келеді, өйткені олар оқушыларға үлгі болатын адам, - деп түсіндірді Серік Сафиуллин.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!