Жалаңаш еркектерге ән салған Төреғалиға елдің жаны ашып кетті

14:49, 12 шілде 2019
347

"Байлар саунада Төреғалиға ән айтқызып, қуып отыр" деген тақырыпта Facebook желісіндегі "Kazakh Tours" парақшасында видео пайда болды.

"Нанын таба алмай жүрген адам көп, ал мына шенеунік, кәсіпкер және тағы бір күдікті адамдар саунада той тойлап, мәз-майрам. Ал олардың көңілін көтеріп, ән салып тұрған – Төреғали Төрәлі ұлдарыңыз" деп жазылған видео жанындағы жазбада.

Видеоның саунада түсірілгенін аңғару қиын емес. Жайқалған дастарқан басына өңкей жалаңаш еркектер жиналып, ән салған Төреғалиды қолдап-қолпаштап шапалақ соғып, ысқырып отыр.

Кадрда Төреғалидың жанында басқа өнерпаздар бары да көрінеді. Төреғалиды музыкалық жағынан демеп, оның жанында гитара, баян ойнап, тіпті скрипканы сызылтып тұрған адамдар да бар.

Желі қолданушылардың көбісі, тіпті үлкен кісілердің алдында айылын жимайтын Төреғали Төрәлінің бұл күйіне жаны ашып, ашына жазба қалдырған.

Видео мына сілтемеде


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!