Жақсылықтың шарапаты: елімізге кеше Жапониядан, бүгін Қытайдан гуманитарлық көмек келді

10:49, 2 сәуір 2020
591

2 сәуір күні таңертең Алматы әуежайына Қытайдан гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасындағы Қытай Бас консулының орынбасары Миао Хумбодың айтуынша, бұл Қытай үкіметінің Қазақстанға жеткен алғашқы гуманитарлық көмегі. Тесттер, қолғаптар, көзілдіріктер, халаттар және басқа да медициналық қорғаныс құралдары бар.

Меніңше, бұл бірінші көмек жүгі емес және соңғысы да емес. Себебі, қазақ үкіметі мен халқы ең қиын сәтте Қытайға көмектесті, көмектесіп те келеді. Қытай мен Қазақстан - тату көршілер және мәңгілік серіктестер, біз әрқашан ынтымақтастықта, әрқашан бірге боламыз. Бірлескен күрестің арқасында біз коронавирусты жеңетінімізге сенімдімін. Қазақстандықтар, күте тұрыңыздар! - деді Хумбо.

Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 500 келі болды.

Ол Қазақстанның медициналық ұйымдары арасында олардың қажеттіліктеріне сәйкес таратылатын болады. Бұрын гуманитарлық көмек Қазақстанға Жапониядан (тесттер, көзілдіріктер және аяқ киімдер), Түркиядан (қорғаныс жиынтықтары, маскалар мен қолғаптар) және Қытайдан (маскалар, қолғаптар) келді. Гуманитарлық көмек жүктеріне кедендік баж салығы салынбайды және жеңілдетілген түрде өңделеді. Тексеру 10-15 минутты алады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдегі өкілдіктері арқылы Қазақстанға гуманитарлық көмек тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуді жалғастыруда. Бүгін мұндай көмек Қытайдан келді, Шанхай үкіметі медициналық қорғаныс құралдарын бөлді. Өткен аптада біз Шыңжаң ұйғыр автономды округінен 50 мың маска алдық, олар жұқпалы аурулар клиникаларына таратылып берілді. СІМ бұл жұмысты алдағы уақытта да жалғастырады, басқа елдермен - Сингапур, Ресей, Оңтүстік Кореямен гуманитарлық көмек туралы келісімдер бар, - деді Алматыдағы ҚР СІМ өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!