Жақсылық Үшкемпіровтың отбасы қазақстандықтарды жерлеу шарасына қатыспауға шақырады

09:02, 3 тамыз 2020

Жақсылық Үшкемпіровтың отбасы қазақстандықтарды жерлеу шарасына қатыспауға шақырады, деп хабарлайды zakon.kz.

2 тамызда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Еңбек Ері, грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем, Еуропа чемпионы, "Барыс", "Құрмет", және "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында дүниеден озды.

Пандемияға байланысты және адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында жерлеу рәсімі тек Жақсылық Үшкемпіровтың отбасының қатысумен өтеді.

Жақсылық Үшкемпіровтың туған-туыстары көңіл айтып, қолдау көрсеткендері үшін барша қазақстандықтарға, әсіресе, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылықтарын білдіруде және жерлеу рәсіміне қатыспауға шақырады.

Сонымен бірге, қоштасу рәсіміне қатысты шаралардың тура бір жылдан кейін өтетіні хабарланды.

Көп адамның қатысуымен өтетін қоштасу және еске алу шараларын өткізу Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты тыйым салынғанын еске саламыз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!