«Зерделі-6» ықшамауданындағы үйдің не себепті қисайғаны белгілі болды

16:44, 28 қаңтар 2020
405

Қазақ құрылыс, сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының директоры Ералы Шоқпаров үйдің қисаюына не себеп болғанын және құрылыс кезінде қандай қателіктерге жол берілгенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, үйдің қисаюына бірнеше себеп бар.

- Атап өтсек, арық жүйесі және құрылыс аумағын жоспарлау дұрыс жүргізілмеген. Екіншіден, техногенді, еріген, жаңбыр сулары мен кәрізден шыққан жуындылар үйдің түбіне жинала берген. Үшінші себеп - іргетастың астынан құрылыс қоқысы табылды. Төртіншіден, іргетас астындағы топырақ тірегі 1,5 метр болуы керек, алайда онда тек 1,01 метр. Яғни, топырақты қайта төгу дұрыс жүргізілмеген, оны тығыздамай төге салған.

Еске салайық, 11 желтоқсанда "Зерделі-6" ықшамауданындағы № 179 үйдің тұрғындары үйдің қисайып бара жатқанын айтып шағымданған еді. Артынан олар үйді босатты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!