Зейнетақы салымы тәртібіне жаңа өзгеріс енгізілді

11:12, 24 шілде 2019

Қазақстанда зейнетақы төлеудің жаңа ережесі қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды "Хабар24".

1 қаңтардан бастап жұмыс беруші әрбір қызметкері үшін жалақының 5 проценті көлемінде зейнетақы қорына қосымша төлем жасауға міндетті болады. Бұл 10 проценттік зейнетақы жарналарынан бөлек. Ақшаны жұмыс беруші өз қалтасынан төлеуі тиіс.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылайша ай сайын қорға 35 миллиард теңге шамасында ақша түсіп отырады деп болжап отыр. Мұндай өзгерістер алдымыздағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енбек. Заң 2015 жылы қабылданды. Жүйені 2018 жылы енгізу жоспарланған, алайда ведомство жаңашылдықты келесі жылы, яғни 2020 жылы қолданысқа енгізу туралы шешім қабылдады.

"Ортақ зейнетақы республикалық бюджет есебінен өмір бойына төленеді, оны алуға 98 жылға дейінгі еңбек өтілі бар адамдар құқылы. 80-ші жылдан бері туған адамдарға ол берілмейді, өйткені 98 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ. Тиісінше, қазіргі модернизациялау тұжырымдамасына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өмір бойы төленетін төлемдерін қамтамасыз ету мақсатында оны қосымша шартты-жинақтаушы компоненттермен толықтыруға шешім қабылданды", - деп түсіндірді министрліктің департамент директоры Виктория Шегай.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!