Зейнетақы активтері бойынша 23,6 млрд теңгеден астам берешек ақша қайтарылды

12:48, 11 тамыз 2020

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ зейнетақы активтері бойынша міндеттемелерді орындамау нәтижесінде пайда болған проблемалық берешекті қайтару бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ бұл жұмысты зейнетақы активтерін жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан БЖЗҚ-ға берген сәттен бастап жүргізіп келеді. 2014 жылы БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерін беру аяқталған кезде қорда 32 проблемалық эмитент болды және олардың берешегі номиналды құны бойынша 161,45 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

2020 жылғы тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ дефолтқа жол берген қалған 19 эмитентке қатысты берешекті қайтару бойынша жұмысты жүзеге асырады. Аталған 19 проблемалық эмитентті шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:

Оңалту рәсімі қолданылған эмитенттер («Роса» АҚ, «Қазақстан Қағазы» АҚ және «Имсталькон» АҚ). Барлығы 3 эмитент. Аталған эмитенттердің номиналды құны бойынша берешек сомасы – 15,80 млрд теңге. Оларға қатысты талап-арыз жұмысы / атқарушылық өндіріс жүзеге асырылатын эмитенттер («Альтернативті қаржы» АҚ, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Казнефтехим» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Құрылыс материалдар мен құрастырмалар комбинаты-2» ЖШС, «Өрнек XXI» АҚ, «Mineral Resourses of Central Asia» АҚ, «ТЕМА Ко» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Төрт-Құдық» тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «Корпорация «АПК-Инвест» ЖШС, «Тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «ҚазЭкспортАстық» холдингі).

Барлығы 12 эмитент. Аталған топ бойынша номиналды құны бойынша берешек сомасы – 13,03 млрд теңге. Банкроттық/мәжбүрлеп тарату рәсімі жүзеге асырылатын эмитенттер («Валют-Транзит-Банк» АҚ, «GLOTUR» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ).

Барлығы 4 Эмитент. Эмитенттердің осы тобының номиналды құны бойынша берешек сомасы – 17,5 млрд теңге.

Осылайша 2020 жылғы тамыздағы жағдай бойынша жоғарыда аталған 19 проблемалық эмитент бойынша берешектің жалпы сомасы (зейнетақы активтері есебінен) номиналды құны бойынша 46,33 млрд теңгені құрады, ал «ҚазЭкспортАстық холдингі» АҚ-ның 5,8 млрд теңге мөлшеріндегі купондық сыйақы төлеу бойынша берешегін ескере отырып, берешектің жалпы мөлшері 52,13 млрд теңге болды.

Айта кетейік, 2020 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ алдында өтелген зейнетақы активтері бойынша берешектің жалпы сомасы 23,634 млрд теңгені құрады. Оның ішінде: 2014-2016 жылдары – 1,475 млрд теңге, 2017 жылы – 1,249 млрд теңге, 2018 жылы – 14,853 млрд теңге, 2019 жылы – 4,507 млрд теңге7

Жалпы алғанда, 2020 жылдың жеті айында – 1,55 млрд теңге берешек қайтарылды: «Абди Компани» АҚ – 188,42 млн теңге (купондық сыйақыны өтеу); «АПК-Инвест» корпорациясы» ЖШС – 17,92 млн теңге (атқарушылық өндіріс шеңберінде өтеу); «Қазақстан Қағазы» АҚ – 127,9 млн теңге (оңалту шеңберінде өтеу); «Имсталькон» АҚ – 105 млн теңге (оңалту шеңберінде өтеу); «Өрнек XXI» АҚ – 22 млн теңге (үшінші тұлғалардың Қор алдындағы қарызының бір бөлігін өтеуі); «Құрылыс материалдар мен құрастырмалар комбинаты-2» ЖШС – 29,05 млн теңге (атқарушылық өндіріс шеңберінде өтеу); «Астана-Недвижимость» АҚ – 45,11 млн теңге (атқарушылық өндіріс шеңберінде өтеу); «Атамекен-Агро» АҚ – 1,015 млрд теңге (сот шешіміне сәйкес өтеу).


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!