ZAYMC 2025: Түркі әлемінің жас таланттары Алматыда бас қосты
© Сурет: instagram.com/zarina_altynbayeva
5-9 қараша аралығында Алматыда Zarina Altynbayeva Youth Music Competition (ZAYMC 2025) — жас музыканттардың V Халықаралық академиялық байқауының финалы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Байқау — жас таланттарды қолдауға, олардың кәсіби деңгейін арттыруға және халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайтуға бағытталған беделді жоба.
Биылғы тақырыбы — "Түркі әлемі халықтарының және композиторларының музыкасы", ол мәдени дәстүрлердің сабақтастығы мен бірлігін бейнелейді. Жобаның негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі — Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі Зарина Алтынбаева.
"Бұл – біздің бесінші мерейтойлық жылымыз және мен жас музыканттардың жоғары деңгейіне ерекше қуаныштымын. Халықаралық қазылар алқасының мүшелері де қатысушылардың өнеріне тәнті болды. Байқаудың маңызы зор — ол түркі халықтарын біріктіреді. Биыл "Түркі композиторының ең үздік орындауы» номинациясы енгізіліп, "Түркі әлемінің антологиясы" атты жинақ жарық көрді. Биыл байқау алғаш рет халықаралық мәртебеге ие болды. 150-ден астам өтінімнің ішінен 44 қатысушы финалға өтті. Барлығы сәтті өткеніне және байқауды бесінші рет өткізу мүмкіндігіне ие болғанымызға Аллаға шүкір етемін", - деді Зарина Алтынбаева.
Халықаралық қазылар алқасының құрамына Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның көрнекті академиялық өнер қайраткерлері енді. Байқау қорытындысында барлық номинациялар мен жас санаттары бойынша үздік қатысушылар анықталды. Негізгі жүлделермен қатар, арнайы сыйлықтар: "Түркі әлемі шығармасын үздік орындау", Бибігүл Төлегенова, Марат Бисенғалиев және Гүлсін Оңай атындағы сыйлықтар тағайындалды.
Байқау 9 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өткен гала-концертпен және марапаттау рәсімімен аяқталды. Гала-концерт бағдарламасында түркі әлемі композиторларының туындылары, сондай-ақ әлемдік классика шығармалары орындалды.
Байқау қорытындысы
Байқаудың негізгі кезеңі аяқталып, барлық номинация мен жас санаты бойынша лауреаттар мен диплом иегерлері анықталды. Көрермен қауымның ерекше қызығушылығын тудырған арнайы сыйлықтар да өз иегерлеріне табысталды.
Ең жоғары марапат — ГРАН-ПРИ ішекті аспаптар номинациясы бойынша Айлана Ермекбаеваға (Астана) берілді.
Нәтижелер:
- "Фортепиано" номинациясы, кіші және үлкен жас санаттары: I орын – Іңкәр Нұрсұлтан (Алматы), Ксения Шегай (Чирчик, Өзбекстан);
- Академиялық вокал: I орын – Бексұлтан Төлеусары (Ақтөбе);
- Ішекті аспаптар: I орын – Әлім Құрманәлинов (Алматы) және Стефания Мохначева (Астана).
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





