Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Ақтөбе тұрғыны жазаға тартылды

10:17, 1 қазан 2020

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Ақтөбе қаласының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз ойын мекемелері жалпыреспубликалық "STOP-ойын" жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында анықталды. Осылайша, Ақтөбе мен Хромтау қалаларында орналасқан үш мекен-жайда букмекерлік кеңселердің атын жамылған заңсыз ойын мекемелері қызметінің жолы кесілді.

Ақтөбе қаласы №2 сотының үкімімен қала тұрғыны ҚР ҚК 307-бабы 1-б. кінәлі деп танылып, 500 АЕК айыппұл салынды.

Тәркіленген заттай айғақтар мемлекет кірісіне аударылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!