Заңнамалық актілерге масс-медиа мәселелері бойынша толықтырулар әзірленді

16:34, 3 ақпан 2023

© Сурет: Zakon.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін және бұқаралық ақпарат құралдары бостандығының мемлекеттік кепілдіктерін белгілейді.

Сондай-ақ сөз бостандығына, шығармашылыққа, баспасөзде және басқа да нысандарда өз көзқарасы мен сенімін білдіру, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен алу және тарату бостандығына Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілгені айтылады.

Цензураға тыйым салынады.

Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар, бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Масс-медиа терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға көмек көрсетуге міндетті.

Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария ету, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттау және ақтау, оларды жүргiзу кезiнде терроризмге қарсы операциялардың әдiстерi мен тактикасын ашатын мәлiметтердi тарату, есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау , жарылғыш заттар мен қолдан жасалған құрылғыларға, сондай-ақ қатыгездік, зорлық-зомбылық және порнографияға табынуға тыйым салынады, – делінген құжатта.

Бұқаралық ақпарат құралдарын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында пайдалануға тыйым салынады.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің негізгі принциптері:

  • ақпаратты еркін алу және заңдармен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен тарату құқықтарының, сөз және шығармашылық еркіндігінің конституциялық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
  • тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ақпараттық егемендігін және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының теңдігі;
  • таратылатын ақпараттың заңдылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету;
  • объективтілікті қамтамасыз ету;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтерін тұтынушылардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде көрінетін әділ бәсекелестік;
  • Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық стандарттар негізінде телерадио хабарларын тарату саласындағы қауіпсіздікті, сенімділікті және сапаны қамтамасыз ету;
  • отандық теле-, радиоарналарды дамыту, отандық теле-, радиобағдарламаларды дайындау және тарату үшін жағдай жасау;
  • бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметтің жариялылығы мен ашықтығы.
  • телерадио хабарларын тарату саласында жаңа технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
  • өзін-өзі реттеу институттарын дамыту үшін жағдай жасау;
  • кәсіби және этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау;
  • жеке өмірге қол сұғылмауды, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуді қамтамасыз ету;
  • ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру;
  • қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Құжат 17 ақпанға дейін  талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!