Заңғар Нұрланұлы Кореядағы J200 турнирінің чемпионы атанды
© Сурет: ktf.kz
ITF Juniors әлемдік рейтингісінде 25-орынға тұрақтаған Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өткен J200 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors жарысында қазақстандық теннисші финалда жергілікті спортшы Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, турнирді бірде-бір сет жоғалтпай аяқтады, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы
Бұл — Заңғардың ITF Juniors турындағы жеке сындағы алтыншы титулы. Бұған дейін мынандай турнирлерді бағындырған:
- J100 Aizkraukle;
- J200 Shymkent;
- J100 Izmir;
- J30 Tsaghadzor;
- J30 Trnava.
Келесі аптада ол Вонджуда өтетін J300 турнирінде өнер көрсетеді.
Бұған дейін қазақ футболының тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуына себепші - "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке елімізде сусын шығаратын танымал компания өкілі су жаңа автокөліктің кілтін табыс етілгені белгілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:48, 9 қараша 2025
Аруна Жангелдина дзюдодан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль иеленді
-
19:23, 9 қараша 2025
Алматы әкімі өрт шыққан балалар үйіне барды
-
19:03, 9 қараша 2025
Алматыда тәулік ішіндегі екінші ірі өрт шықты: әкімшілік ғимарат жанып жатыр
-
19:03, 9 қараша 2025
Алматыда үш қабатты әкімшілік ғимаратта өрт шықты
-
17:33, 9 қараша 2025
Алматыда өртенген балалар үйіне қатысты тың мәлімет жарияланды





