Зайсанда шындығында не болған? Жергілікті әкімдік түсінік берді

11:17, 20 ақпан 2020

Зайсан ауданының тұрғындары жергілікті биліктің Қытайдан келген адамдарды осы елді-мекеннің ауруханасында тексеру туралы шешім қабылдағанына наразы болып, шу шығарған, деп хабарлайды zakon.kz.

19 ақпанда YouTube сайтында "Қытаймен шекаралас Зайсан ауданының тұрғындары коронавируспен ауыратын науқастарды жергілікті ауруханаға жатқызып жатыр деп наразылық білдіруге шықты" деген ақпарат пайда болды. Видео түсірген адам наразылық белгісі ретінде ауруханадан төсеніштерді алып шығарып жатқандарын айтты. Олар коронавируспен ауыратын науқастарды Қазақстанға кіргізбеуді талап етті.

Бұл ақпаратты Зайсан қаласы әкімінің аппараты растады. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл арада адамдар арасында түсініспеушілік орын алған. Шындығында, олар еліміздің бас санитарлық дәрігерінің бұйрығын бойынша әрекет еткен. Ал ол құжатта Қазақстан Республикасына коронавирус тіркелген шет мемлекеттерден келген азаматтар тұрақты медициналық бақылауда болатындығы айтылған. 14 күн бойы оларды дәрігерлер қарайды делінді.

Адамдар осыны дұрыс түсінбей, көшеге шыққан, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазір әкімдік қызметкерінің айтуынша, Зайсанға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өзі келеді. Онымен бірге санитарлық дәрігерлер де болады.

Бүгін, 20 ақпанда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус тіркелген елдерден - Сингапур, Жапония, Таиланд, Оңтүстік Корея, Гонконг, Макао және Тайвань (Қытай) елдерінен келген адамдарға медициналық тексеру жүргізілетіні хабарланды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!