З. Балиева: 7 жасар баланың анасын бірнеше күннен бері таба алмай жатырмыз

12:19, 16 наурыз 2018
417

Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева тілшілерге 7 жасар баланың қазіргі жағдайы туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Анасына келетін болсақ, оны бірнеше күннен бері біз де таба алмай жүрміз. Ұлы да, тәтесі де хабарласты, тіпті менің көзімше қоңырау соқты, алайда ол телефонды көтермейді", - деді Балиева.

Сонымен бірге З.Балиева журналистерді баланың жанына барып, тәтесімен сөйлесуге шақырды.

"Мен не болып жатқанын білмеймін, бірақ бірнеше журналист тәтесінің жанына барып, сол кісінің рұқсатымен баланы да көрсеңіздер болады, тәтесімен де, баламен де тілдессеңіздер деп ойлаймын. Себебі жағдайды мен ғана айтсам, толық болмауы мүмкін", - деп түсіндірді депутат.

Балиеваның айтуынша, баланың анасы Алматыда жұмыс істейді екен.

«Өздерінің айтуынша, анасы Алматыда жұмыс істейтін көрінеді. Бала анасын көрмегелі бір айдай болыпты. Оны сағынып жүр, күн сайын анасы туралы сұрайды. Біз анасына хабарласуға тырысып жатырмыз, Астанаға келсе екен дейміз, бірақ әзірге қолымыздан келмей жатыр", - деді З. Балиева.

Уәкілдің айтуынша, баланың анасын Астанаға шақырған, бірақ ол жолға ақшасы жоқ екенін алға тартқан.

"Кеше "Асыл бала" қорының өкілі анасына хабарласып, қай күнге билет алуға болатынын сұраған кезде, ол басының қатты ауырып тұрғанын айтып, кейін хабарласамын деп тұтқаны қоя салған көрінеді. Содан мүлдем хабарласпаған. Ал бүгін таң атқаны ешкімнің қоңырауына жауап бермейді", - деп түйіндеді Балиева.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!