ЮНЕСКО тізіміне қазақ мәдени мұрасының екі элементі енді

09:50, 4 желтоқсан 2022

© Сурет: видеодан алынды

Мароккода өткен ЮНЕСКО Үкіметаралық комитетінің 17-ші сессиясында Қазақстанның "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері мен Қожанасыр туралы әзіл-сықақ әңгімелерді ЮНЕСКО тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24-тің" хабарлауынша, аталған комитет 46 номинацияны қарастырып, соның ішінде 20-сын таңдаған.

"Ортеке" - дала театры. Жалпы, бұл атрибуттың өзі балалардың көңілін көтеру үшін ойлап табылған. Домбыра аспабында ойнайтын адам ортекенің өзіне байланған жіпті ортаңғы саусағына іліп алады. Ортекелер секіретін тақтайша астында арнайы механизм бар. Адам домбырада ойнағанда, композицияның әуеніне сай тау ешкілері секіріп, билей жөнеледі". "Ықылас" халық аспаптары мұражайының маманы Данияр Жанқабаев

Бұған дейін  де тізімге 11 элемент енгізілген. Оның төртеуі қазақ мәдени мұрасына қатысты. Атап айтқанда, "Домбыра күй өнері", "Қазақ күресі", "Асық ату ойыны" мен "Қазақ жылқы өсірушілерінің көктемгі мерекелік салт-дәстүрлері". Ал қалған жетеуі бірқатар елдердің ортақ мәдени мұрасына жатады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!