Юлия Галышева фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді

© Сурет: olympic.kz
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Галышева жартылай финалға дейін жетіп, сол жерде франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.
Үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық спортшы канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.
Алтын медальді Перрин Лаффон жеңіп алса, екінші орынды АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленді.
Анастасия Городко тоғызыншы орынға табан тіресе, Аяулым Әмренова 29-шы нәтижені көрсетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:24, 7 ақпан 2025
Елімізде енді аурухана парақтары тек электронды түрде беріле бастайды
-
13:18, 7 ақпан 2025
Түркістан облысында полиция жүргізушіден 7 пакет есірткі тәркіледі
-
13:09, 7 ақпан 2025
Әлеуметтік желіден пайда табатындар салық төлеуге міндетті
-
12:54, 7 ақпан 2025
Қостанай облысында жолаушылар қауіпсіздігін елемеген автобус жүргізушісі жауапқа тартылды
-
12:47, 7 ақпан 2025
Нукеновтар отбасының адвокаты шұғыл түрде қазақстандық әйелдерге үндеу жасады