Ысырапқа жол бермеу керек: Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тойларды сынға алды

10:25, 17 қыркүйек 2018
398

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тойлардағы артық шығын мен ысырапты сынға алды, деп жазады Stan.kz.

Тоқаев Twitter-дегі жазбасында үйлену тойы мен басқа да мерекелік шаралардың өткізілуіне өзгеріс енгізу керектігін қолдайтынын айтты.

«Қазақстандық БАҚ-тағы үйлену тойы мен басқа да мерекелік шараларды ұйымдастыруға қатысты жаңа көзқарастарды қолдаймын. Бақуаттылығын көрсету үшін ысырапқа жол бермеу үшін үшін жаңа формат қажет», – деп жазды Тоқаев.

Сондай-ақ, ол өзбек, түрік және түркімен халықтарын үлгі ретінде ала отырып, ұлттық дәстүрге баса назар аударылуы керектігін айтты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!